×

Сот «Кублей» зауытының талабын қанағаттандырмады

2020 жылдың мамыр айында басталған дауға бүгін нүкте қойылды

Сот «Кублей» зауытының талабын қанағаттандырмады
коллаж: orda.kz

Сот «Кублей» зауытының талабын қанағаттандырмады, деп хабарлайды qaz365.kz 

Сот  2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны заңсыз деп танымады.

«Цалковкий көшесіндегі 2,3,4 тұрғын үйлерін салу бойынша әкімдікті Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны заңсыз деп танымайды»,-деді Жорабаев.  


2020 жылдың мамыр айында басталған дауға бүгін нүкте қойылды. Тұп-тура 2 жыл бұрын облыстық сот Орал қаласының әкім болған Абат Шыныбековтың шығарған қаулысын заңсыз деп таныған еді. Алайда, соттың шешіміне қарамастан бірнеше аптадан кейін БҚО әкімдігіне қарасты мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау мекемесі «Ирменова» жеке кәсіпкерлігіне құрылыс жұмысын монтаждауға рұқсат береді. Осы жайттан кейін «Кублей» зауытының өкілдері 6 ай бойы арыз-шағым түсірумен айналысады. Ал бұл уақыт аралығында құрылыс компаниясы көпқабатты үйді соғып тастайды. Дауға ҚР Жоғары сотының төрағасы Жақып Асанов та араласқан. Салдарынан облыстық соттың шешімі бұзылған болатын. Сот жүріп жатқанда Жоғары сот төрағасы Жақып Асановқа тұрғын үйдің иелері арыз берген. Төраға сотта үшінші тараптың пікірі тыңдалу керек дегеген ұсыныс жібереді. Сондай-ақ ол ұсыныста «зауыттың негізі бөлігі бұл аумақта емес, қаладан тысқары орналасқан» деп көрсетіледі.


«Жақып Асанов жалған мәліметтерге қарамастан, мәліметтерді тексермей кассациялық инстанцияға ұсыныс береді. Сол ұсыныстың нәтижесінде біздің пайдамызға шығарылған облыстық соттың заңды шешімі бұзылады. Сөйтіп, осы қазір болып жатқан сотқа түседі.
Біздің ақпаратымыз бойынша, Асановтың ұсынысын дайындаған оның кеңесшісі және секретариаттың басшысы. Өндістергі судья тиісті қорытынды берді. Бірақ оны қабылдамай қойып, Асанов өзі ұсынысқа қол қойып жіберген.  Өзінің ұсынысында ол «Кублей» зауытының қазір тұрған жерінде әкімшілік ғимарат пен бір ғана цех бар деп көрсеткен. Ал зауыттың өзі қаланың сыртында делінген. Бұл жалған мәлімет.
Оның бәрін біз соңына дейін зерттейміз. Бұл іске қатысты бәрінің аты-жөнін білеміз. Асановтың өзі Жоғары соттың төрағасы бола отырып, қалай қол қойып жіберген?! Біреу арам пиғылмен жалған мәліметтерді ұсынысқа енгізсе, шынайылыққа сәйкес келмесе, не үшін Жоғары соттың төрағасы болып отыр?», - деп отыр заңгер Бақытжан Базарбек.

Заңгердің бұл мәлімдемесінен кейін көп ұзамай Жақып Асанов төрағалықтан кеткен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →