×

"Ресейлік компания келгелі былық басталды": Министр Тараздағы қант зауытындағы митинг жайлы пікір білдірді

Министр Тараздағы қант зауытынан шыққан митинг бақылауда дейді

"Ресейлік компания келгелі былық басталды": Министр Тараздағы қант зауытындағы митинг жайлы пікір білдірді
Qaz365.kz коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Тараздағы қант зауытынан шыққан митинг бақылауда екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Біз мәселеден хабардармыз. Әкімдікпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Жұмысшылар акционерлік қоғам басшыларына наразылық білдірген. Жалақы берушілердің өздері жабады», - деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр жұмыс беруші мәселені шешуге міндетті деген пікірде. «Ал наразылық үдеп кетпей ме?» деген сұраққа Жақыпова «біз уақыт бердік, егер мәселе шешілмесе, әкімшілік шара қолданамыз» деп жауап берді.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Тараздағы Ресейге сатылған қант зауытының жұмысшылары наразылыққа шыққан еді. Журналист Нурадин Рақайдың әлеуметтік желіде жариялаған видеосында жұмысшылар айлыққа көңілі толмайтынын айтады.

«Бір ай жұмыс істедік. 78 мың теңге түсті. Бұрын 100 мың теңге алып келгенмін. Осы айда мүлде аз түсті. Бізде оклад мүлде жоқ. Ол аз десеңіз, құрал-саймандарды, түскі ас, киімді үйден әкелеміз», - дейді Шәріп Мырзабаев атты электр-монтажник.


Жұмысшылардың айтуынша, зауыт жұмысының тоқтап тұрғанына екі ай болған. Әуелі қызметкерлерге айлыққа қосымша сыйақы берілетіні айтылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →