×

Аида Балаева Думан Мұхаметкәрімнің қамалуына қатысты пікір білдірді

Думан Мұхаметкәрім екі бап бойынша күдікті деп танылды

Аида Балаева Думан Мұхаметкәрімнің қамалуына қатысты пікір білдірді
Qaz365.kz / Ulysmedia

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Думан Мұхаметкәрімнің ұсталуына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист Думан Мұхаметкәрім Қылмыстық кодекстің «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» (405-баптың 2-бөлігі) және «Экстремизмді қаржыландыру» (258-бап, 1-бөлігі) баптары бойынша күдікті деп танылды. Оның айыпталуына оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен сұхбаты ықпал етті.

Журналистер аталған жағдайға байланысты министр Аида Балаевадан азаматтық ұстанымын сұрады.

«Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз. Заң бәрімізге бірдей. Егер қылмыстық істер қозғалса, яғни оған себеп бар. Ақпарат министрлігі болсын, өзге министрлік болсын немесе жеке адамдар болсын құқық қорғау органдарына ықпал жасай алмаймыз», – деді Аида Балаева.

БАҚ өкілдері министрге Думан Мұхаметкәрімнің өз ойын ашық айтқаны үшін ұсталғанын айтты.

«Әр істің егжей-тегжейін қарауымыз керек. Мен сіздер білетін ақпараттан артық, басқа ақпарат білмеймін. Сондықтан бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Іс қозғалды. Қазір ол кісі сотты күтіп отырғанын ғана білемін», – деп жауап берді министр.

Еске салайық, Думан Мұхаметкәрім маусым айында 25 күндік қамаудан шығуы керек болған. Алайда оны кейін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартып жатқаны белгілі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Бүгін, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →