×

Ұлттық компания басшыларының айлығын азайту керек – Министр Жақыпова бұл ұсынысқа не дейді?

Министр квазимемлекеттік сектордағы еңбекақы мәселесіне қатысты жауап берді

Ұлттық компания басшыларының айлығын азайту керек – Министр Жақыпова бұл ұсынысқа не дейді?
ашық дереккөзден

Бұған дейін әлеуметтік желілерде елдегі ірі ұлттық компаниялардың басшыларының табысын елдегі күнкөріс деңгейіне байлау керек деген ұсыныс айтылған еді. Бұл ұсынысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қалай қарайтынын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жақыповаға квазимемлекеттік сектордағы басшылар мен менеджерлердің айлығы мен сыйақысы туралы даулы пікір көптігі айтылған. Халық олардың қыруар сыйақы алатынына наразы. Десе де Светлана Жақыпованың айтуынша, ол басқаратын ведомство квазимемлеттік сектордағы еңбекақы мәселесін реттей алмайды екен.

«Депутаттар өз ұсыныстарын квазимемлекеттік секторда жұмыс істеп жүрген азаматтармен бірлесіп қарастыру керек. Біріншіден, Үкіметтің №1193 деген қаулысы бар. Азаматтық қызметкерлердің жалақысын ғана мемлекет реттейді. Өзіңіз түсінесіз ғой, яғни бұл қаулы білім саласында, денсаулық саласында және  әлеуметтік саладағы қызметкерлердің жалақысын ғана реттейді. Ал квазимемлекеттік секторға министрліктің құзыреті жоқ. Сіз айтып отырғандай жағдай, квазимемлекеттік сектордың жалақысын реттеу деген мәселе халықаралық деңгейде де жоқ. Нарық қатынасы дейміз. Ондағы басшылардың табысын күнкөріс деңгейіне немесе орташа айлыққа байлау деген мәселе жоқ», - деді Светлана Жақыпова.

Министрдің сөзінше, депутаттар мұндай ұсынысты аталған басшылармен отырып өздері талқылауы тиіс. Жақыпова бұл бастаманы әлеуметтік желі қолданыушылары ғана емес, депутаттар да көтеріп жүргенін айтады. 

«Ұсынысты мемлекет қабылдап, тиісті жұмыс істеу керек деп отырсаңыз, онда көрейік», - деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →