×

Бір топ адам “ҰҚК қызметкеріміз” деп кәсіпкерді бопсалаған

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады

Бір топ адам “ҰҚК қызметкеріміз” деп кәсіпкерді бопсалаған
Egemen.kz

Бас прокуратура Швециядан Қазақстанға алаяқтыққа оқталу жасады деген күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2019 жылдың тамыз айында Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған.

Олардың әрекеттерінің жолын кесу кезінде, біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды.

Кейіннен Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады.

ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін осы тектес қылмыс жасағандар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

 

????  https://t.me/GenPr

 

Facebook | Instagram | YouTube

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Бүгін, 16:02

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

  Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті
Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →