×

«Мамасының ұлдары»: Бапкер Мұхит Амантаев әке мейірімін көрмеген балалар туралы айтты

«Мамасының ұлдары» алдыма көп келеді»

«Мамасының ұлдары»: Бапкер Мұхит Амантаев әке мейірімін көрмеген балалар туралы айтты
Youtube / El.kz

Бокстан елордалық бапкер Мұхит Амантаев журналист Әйгерім Сефоллаға берген сұхбатында жаттықтыру залында балаларға әкелері бермеген мейірімді беретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әкесіз, әкенің махаббатын сезбеген балалар көп келеді. Басында келгенде «мамсик» болып жүреді. Ана деген – махаббат қой, еркекке де, балаға да махаббат береді. Бүкіл қиыншылықтан қорғаймын деп жақсы нәрсе істеп жатырмын деп ойлайды, бірақ ондай нәрсемен керісінше, балаға зиян жасайды», – деді бапкер Мұхит Амантаев.

Оның айтуынша, ол балаларға жаттықтыру залынан өзге жерлерде де қолдау жасауға тырысады.

«Аналары келіп маған: «Мұхит ағай, балама қараңызшы. Әкесі көңіл аудармайды, әкесімен араласпайды», – дейді. Сондай балалар басында қысылып жүреді. Кейін бара-бара олар маған ашыла бастайды, соған қатты қуанамын. Денесін жерден түк көтере алмайтын бала, денесін көтеріп үйреніп, күшейіп жатады, содан бақыт аламын. Мен балаларыма айтамын: «Сендер мені құр бапкер деп ойламаңдар, сабақта болсын, далада болсын, қандай да жағдай болсын, маған келіңдерші, әкелеріңе айтпай-ақ қойыңдар, маған келсеңдер, кез келген мәселелеріңді шешуге тырысамын» деймін»,  – деді бапкер.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде балаларға «қазақша сөйлеңдер» деген бір ауыз сөзінен кейін танымал болған бапкер Мұхит Амантаевқа жаңа қызмет ұсынылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →