×

Бокс залымда тек қазақша сөйлеуі керек: Мұхит Амантаевқа жаңа қызмет ұсынылды

Мұхит Амантаевтың өзі бұлай ғана танымал болуды қаламапты

Бокс залымда тек қазақша сөйлеуі керек: Мұхит Амантаевқа жаңа қызмет ұсынылды

Әлеуметтік желіде балаларға "Қазақша сөйлеңдер" деген бір ауыз сөзінен кейін танымал болған бокс бапкеріне жаңа қызмет ұсынылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақ ММА Boxing клубының жетекшісі Мұхит Амантаев Парламентке жиі барып жүр. Ол Мәжіліс пен Сенат қабырғасындағы спорттық мәселелерді ортаға салып, талқылауға спикер ретінде қатысып жүр.

Жаттығуға барған балаларға "ана тіліңде тілдесу керек" деп ақыл айтып жатқан үзінді әлеуметтік желіде тез тарап, әлі де қызу талқыланып жүр.

Ал Мұхит Амантаевтың өзі бұлай ғана танымал болуды қаламапты.

Ол Парламент алдында журналиске ”жуық арада Олимпиада чемпонын шығармай қоймаймын" деп айтты.

"Қазақ тілі тек қазақ баласына керек. Менің залымның өзі "Қазақ ММА Boxing" деп аталады. Атының өзі қазақ боксы болып тұр. Мен бөтен елде жүрген жоқпын ғой. Өз елім, жерім болғаннан кейін сұраймын. Менің бокс залымда міндетті түрде қазақша сөйлеуі керек", - дейді бапкер Мұхит Амантаев.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →