×

«ҚазАвтоЖол» үстімнен полицияға арыз түсірді - журналист

«ҚазАвтоЖол» журналист Диас Нұрақынның жазбасына жауап беріп, арызды компания емес, мердігер түсіргенін хабарлады

«ҚазАвтоЖол» үстімнен полицияға арыз түсірді - журналист
Qaz365.kz коллажы

Журналист Диас Нұрақынның үстінен полицияға арыз түсті. Бұл туралы журналист өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алматы облысы Полиция Департаментінің қызметкері хабарласты. Сіздің үстіңізден «ҚазАвтоЖол» арыз түсірді дейді. «Мүлігімізді қиратты» деп полицияға жүгірген екен. Өздері сапасыз жол салып, күніне жүздеген жүргізушінің көлігін талқандап жатқандарын біле ме екен бұлар?» – деп жазды ол.

Журналист компаниямен соттасуға дайын екенін атап өтті.

«Алдымен  олар пенопластың мүлік екенін дәлелдесін. Сосын пенопласт  полиция араласатындай қымбат дүние болса, бетонканың басқа жерлерінде неге жоқ екенін түсіндірсін. Қысқасы, «ҚазАвтоЖолмен»  «соғыс» енді басталды», – деді Диас Нұрақын.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері журналистің жазбасына жауап берді. Онда арызды компания емес, мердігер түсіргені айтылған.

«Өкілетті органға арыз-шағымды мердігер ұйым түсірген. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Тапсырыс берушінің мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне араласуға құқығы жоқ», – деп жауап берді «ҚазАвтоЖол» компаниясы.

Еске салайық, журналист Диас Нұрақын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «жол салудың тың технологиясын тауыпты» деп, әлеуметтік желіде жол бетондарының арасы пенопласпен жалғанғанын көрсетіп, видео жариялаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →