×

Алматыда полицейлер кептеліс кезінде толғатқан жүкті әйелге көмектесті

Алматыда жүкті әйел кептеліс кезінде толғатқан

Алматыда полицейлер кептеліс кезінде толғатқан жүкті әйелге көмектесті
iStock

Алматының патрульдік полиция қызметкерлері жүкті әйелді перзентханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кептеліс кезінде жергілікті тұрғын полиция қызметкерлері Нұрлан Исмаилов пен Әділет Нематовтан құралған мамандандырылған батальонның экипажынан көмек сұрап жүгінген.

"Әріптесім екеуміз Сейфуллин даңғылында қызметте болдық. Бізге қасымызға көлік келіп тоқтады, жүргізуші толғағы басталған жүкті әйелін алып бара жатқанын айтты. Оларды перзентханаға дейін жеткізуін өтінді", – деді Әділет Нематов.

Екі көліктен құралған кортеж қаланың басқа жағында орналасқан №3 перинаталдық орталыққа санаулы минуттарда жетті.

"Полицейлердің арқасында біз барлық кептелістен қауіпсіз әрі жылдам өттік. Жарты сағаттан кейін әйелім босанды. Бұл менің үшінші қызым. Мен полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс айтамын. Әйелім мен қызым қазір үйде, бізде бәрі жақсы", – деді Рустам есімді алматылық.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Кеше, 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →