×

Боранбаев сияқты Сатыбалды да мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев жауап берді

Боранбаев сияқты Сатыбалды да мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе
Qaz365.kz коллажы

Боранбаев сияқты Сатыбалды да мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін бе? Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке журналистер Сенат кулуарында осы сұрақты қойды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске сала кетейік, алдымен 8 жылға сотталып, кейін ол жазасы 6 жылға қысқарған бизнесмен Қайрат Боранбаев таяуда бостандыққа шығады. Қаржы мониторингі агенттігі оның мемлекетке миллиондаған долларлық мүлкі қайтарылғаны жөнінде ақпаратты бірнеше күн бойы таратқан. Дәл осылай Қайрат Сатыбалды да бостандыққа шығуы мүмкін бе?

«Теориялық тұрғыда заңда мерзімінен бұрын босап шығу немесе жазасын жеңілдету қарастырылған. Заңда белгілі бір талаптар бар. Ол үшін сотталушы өзіне тағайындалған жазаның бір бөлігін өтеуі, өз әрекеті салдарынан келтірілген шығынды өтеуі керек. Оған берілген мінездеме де есепке алынады. Оның бас бостандығынан айыру мекемесіндегі жүріс-тұрысы қаралады. Жалпы мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш беру  сотталған адамның еркінде», – дейді Әсет Шындалиев.


Бас прокурордың орынбасары бұл жағдайда шешімді сот қабылдайтынын, тіпті талапқа бәрі сай болып тұрса да, сот сотталған азаматтың өтінішін орындаудан бас тартуы мүмкін екенін ескертеді. 
Шындалиевтің сөзінше, бұқаралық ақпарат құралдарында аты елге мәлім азаматтардың мерзімінен босап шығуынан қоғамда біржақты пікір қалыптасуы мүмкін екенін, ал жалпы елде дәл сондай жеңілдікпен көп адам босап жатқанын айтады. Ал мерзімінен бұрын босап шығу құқығы балаларға зорлық-зомбылық жасап сотталғандарға қолданылмайтынын атап өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда
Кеше, 11:29

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда

Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →