×

«Жалдау құны 5-15 мың теңге»: Астанада жұмысшы жастарға жалдамалы пәтер таратылады

Астанада жұмыс істейтін жастарға жағымды жаңалық

«Жалдау құны 5-15 мың теңге»: Астанада жұмысшы жастарға жалдамалы пәтер таратылады
Фото: ашық дереккөзден

Өтінім беретін азаматтың жасы 35-тен аспауы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті достар! Астанада жұмыс істейтін жастарға жағымды жаңалық. Егер сенің жасың 35 толмаса және ресми табысың болса, 6-12 қараша аралығында әкімдік беретін жалдамалы пәтерге өтінім бере аласыз. Пәтердің жалға алу құны – ай сайын пәтердің бөлме санына байланысты 5-15 мың теңге аралығында болады. Биыл әкімдік 777 пәтер үлестіреді», – деді депутат.

Бағдарлама шарттары www.qatysu3.zhilfond.kz сайтында жарияланған. 

Аталған бағдарлама тұрғын үй түрі-сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынады. Тұрғын үй ұзарту құқығынсыз 3 жыл мерзімге беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы 5-15 мың теңге.

Бағдарламаның шарттары келесідей: 

  • - отыз бес жасқа толмаған (34 жасқа дейін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы;
  • - аяқталған орта / орта-арнайы / жоғары / жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналасу;
  • - өтініш берушінің Астана қаласында өтінім бергенге дейін соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуі болуы;
  • - Астана қаласында өтініш берушінің отбасы мүшелерін (жұбайы/және балалары болған жағдайда) тұрақты тіркеу;
  • - өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ өтінім берген кезде соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
  • - төлем қабілеттілігін растау (өтініш берушінің соңғы 6 айдағы ай сайынғы табысы кемінде 40 АЕК).

Бөлінетін тұрғын үйдің жалпы ауданын айқындау конкурс қорытындысы бойынша қойылған балдар және өтініш берушінің балаларының саны (бар болса) негізінде жүзеге асырылады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру келесідей пайыздық арақатынаста жүзеге асырылады:

  • - жалға берілетін тұрғын үйдің 60 % – некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған өтініш берушілерге;
  • - жалға берілетін тұрғын үйдің 40 % – некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмаған өтініш берушілерге беріледі.

Бағдарламаның толық шарттары мен қажетті құжаттар тізімін мына сілтемеден білуге болады.

https://qatysu3.zhilfond.kz/page.php?section=about

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →