×

Қызылорда облысында қылмыстық жолмен ұрланған 101 млн теңге мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы мәлімдеді

Қызылорда облысында қылмыстық жолмен ұрланған 101 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Фото ашық дереккөзден

"Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) қызметіне тексеріс жүргізу барысында 101 млн теңге бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қызылорда облысының прокуратурасы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметіне тексеру жүргізді. 

Тексеру барысында «Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС (ӘКК-нің еншілес ұйымы) «Мега Агро» ЖШС-дан (бұдан әрі – Жеткізуші) 2400 тонна күріш астығын 120 млн теңгеге сатып алу туралы 02.03.2018 ж. келісімшарт жасағаны анықталды. Қаражат толық көлемде аударылған.

Шарт талаптарына сәйкес тауар 30.09.2018 ж. дейін жеткізілуі тиіс болған.

Прокуратураның айтуынша, өз кезегінде жеткізуші өз міндеттерін толық орындамай, 101 млн теңге мемлекет қаражатын бас пайдасына шығындаған.

“Сол мерзімде көрсетілген 2 серіктестіктің басшысы М.Еспанов болған. Осылайша М.Еспанов мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам бола тұра, өзіне тиесілі «Мега Агро» ЖШС арқылы бюджет қаржысын жымқыру мақсатында аффилирленген шарт жасаған.

Бұл факт бойынша облыс прокуратурасы 19.08.2022ж. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тіркеді.

Тергеу барысында М.Еспановқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, оның әрекеті ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен қайта сараланып, ол кінәсін толық көлемде мойындады және қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жалағаш ауданы сотының 03.10.2023 ж. үкімімен М.Еспановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы тағайындалды (үкім заңды күшіне енді)”, – дейді прокуратура мәлімдемесінде.

Мемлекетке келтірілген 101 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өндірілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →