×

Әке тәрбиесі – үлкен мектеп

«Әке тәрбиесі – үлкен мектеп» атты іс-шара өтті

Әке тәрбиесі – үлкен мектеп

№12 мамандандырылған гимназияда 5-6 сыныптағы оқушылардың әкелерінің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кейінгі бір-екі жылдың бедерінде бала тәрбиесіндегі әкенің ролін арттыру жолында көптеген шаралар атқарылып жүр. Әсіресе, орта білім беру орындарында баланың тұлға ретінде қалыптасуына әкенің ықпалы зор екенін ұғындыру белең алды.

Осындай шараның бірі Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда 5-6 сынып оқушыларының әкелерінің қатысуымен өтті. «Әке тәрбиесі – үлкен мектеп» атты шара мақсаты – мектеп мұғалімдері мен оқушылардың отбасы арасындағы байланысты нығайту, отбасы мүшелері арасында өзара сенім мен сыйластық қалыптастыру. Мектеп директоры Жанат Бекжанова жиналған қауымға конференцияның мақсаты мен күн тәртібін түсіндірді. Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызы туралы әкелер мен ұстаздар ой бөлісіп, пікір таластырды, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында әкелер мектеп оқушылары дайындаған концертті тамашалап, конференциядан алған әсерлері туралы айтты.

Бұл жиын мектепішілік «Мектеп және отбасы – бала тәрбиелеудегі серіктестер» атты ата-аналар апталығының аясында өткен еді. Апталықта 8 сынып ата-аналарының қатысуымен «Құқықтық тәрбие – басты құндылық» атты конференция, 1-11 сынып ата-аналары үшін ашық есік күні, 9 сыныптар арасында «Менің отбасымның сүйікті кітабы», 7 сыныптар арасында «Қыз бала тәрбиесіндегі ана жауапкершілігі» атты жиындар өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →