×

Әкімдік Астанадағы жарықтың өшіп қалуының нақты себебін айтты

Әкімдік апаттың себебін жариялады

Әкімдік Астанадағы жарықтың өшіп қалуының нақты себебін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов кешегі төтенше жағдайдың себебін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеше қосалқы станцияда электр ажыратқыштың басы жарылып, электр шкафтың үстіне құлаған.

«Сөйтіп, салбырап тұрғанда басқа фазаны тұйықтап тастаған. Одан кейін тұрақты токтың екі автоматы өшіп қалды. Ал ЖЭС-2 станциясының жүктемесі нөлге дейін түсіп кетті», – деді Нұркенов.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде қаладағы он қосалқы станция сөніп қалған. Соның салдарынан Есілдің оң жағалауында жарық өшті.

«Түнгі сағат 2:00-ге дейін барлық қосалқы станция іске қосылды. Ешқандай технологиялық ақаулық болған жоқ. ЖЭС-2 штаттық режимде істеп тұр. Апаттық жағдай оған келетін желілерде болды. Қарапайым сөзбен айтсақ, кабельден ақаулық шығып, электр шкафтардың біреуі жанып кетті. Бұл мәселе 1,5 сағаттың ішінде шешілді», – деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімхановтың айтуынша, бүгінде Астанада 500 мыңнан астам абонент тіркелген.

«Ал жарық өшкенде шамамен 100 мың абонент электр қуатынсыз қалды. Сонда қала тұрғындарының 20 проценті бір жарым сағаттай жарықсыз отырды», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →