×

«Бұл тек жекеменшік екі объект арасындағы мәселе»: Министр Саясат Нұрбек ҚазККА айналасындағы дауға қатысты пікір білдірді

«Бұл тек жекеменшік екі объект арасындағы дау»

«Бұл тек жекеменшік екі объект арасындағы мәселе»: Министр Саясат Нұрбек ҚазККА айналасындағы дауға қатысты пікір білдірді
Фото: amanatpartiasy.kz

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының басшысы Гүлзана Серікованың ҚТЖ тарапынан жасалып жатқан рейдерлік әрекетке қатысты Президенттен көмек сұраған үндеуі тарады. Осыған қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Хатта «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев ҚазККА мемлекеттік меншікке қайтаруға (беруге) жататын объектілер тізімінде екенін бірнеше рет айтқаны көрсетілген. Гүлзана Серікованың айтуынша, Нұрлан Сауранбаев пен оның қарамағындағылар қысым көрсетіп, Жәния Сауранбаеваға компаниясының 25% акциясын беруді талап еткен. Ал оның орнына кәсіпкерге жыл сайын 3-тен 6 млрд теңгеге дейін мемлекеттік сатып алу арқылы жұмыс көлемін беруге ауызша уәде берілген. Гүлзана Серікова Qaz365.kz редакциясына сұхбат беріп, ҚТЖ басшысының оның миллиардтаған бизнесіне қалай қысым көрсеткенін айтып берді.

«Қазақстан теміржолы» мен «ҚазККА Басқарушы компаниясы» ЖШС арасындағы дау жайлы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді. Оның айтуынша, қазір болып жатқан жағдайға министрліктің ешқандай қатысы жоқ.

«Шешімнің қандай болатынын сот шешеді. Біздің министрлік тек жекеменшік университеттерді қалай реттей алады, ол академиялық саясаты мен мемлекеттік стандартқа лицензия арқылы іс-әрекеттеріне бақылауымыз бар. Қазіргі таңда заңнамалық реттеу осылай белгіленген», – деді ол.

Министр тілшінің «Мәселе жайлы Президентке хат жазылды. Сол жайлы не айтасыз?» деген сұрағына:

«Бұл соттың деңгейінде шешілетін мәселе. Тікелей министрлікке қатысы жоқ. Бұл тек жекеменшік екі объект арасындағы дау», –  деп жауапты қысқа кесті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →