×

Энергетика министрі сұйытылған газ бағасы қанша теңгеге дейін қымбаттайтынын айтты

Оның айтуынша, қазір автогаз бағасы литріне 50 теңгеден 80 теңгеге дейін барады

Энергетика министрі сұйытылған газ бағасы қанша теңгеге дейін қымбаттайтынын айтты
Zakon.kz

Қазақстанда сұйытылған газ бағасы біртіндеп өзіндік құн деңгейіне жетеді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір автогаз бағасы литріне 50 теңгеден 80 теңгеге дейін барады.

"Біз бағаның күрт өсуіне жол бермейміз. Бірақ нарық қатысушылары шығынға батпас үшін сұйытылған мұнай газының бағасын кем дегенде өзіндік құн деңгейіне жеткіземіз. Өнімнің өзіндік құны – шамамен 110 теңге. Біз бірден осы бағаны бекітуді жоспарлап отырған жоқпыз, баға біртіндеп өседі", – деді Сәтқалиев Ақорда кулуарында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →