×

Қазына қаржысы БАҚ-қа қаншалықты әділетті бөлініп жатыр

Балаева мемлекет азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуі керектігін айтты

Қазына қаржысы БАҚ-қа қаншалықты әділетті бөлініп жатыр
коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу үшін бюджеттен бөлінетін қаражатқа байланысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жалпы осы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу үшін бюджеттен 2024 жылы 62 млрд теңгеден астам қаражат, 2025 жылы 66 млрд теңгеден астам қаражат, 2026 жылы 67 млрд теңге қарастырылған деген мәлімет бар біздің алдымызда. Осы ақша БАҚ-қа беріледі. Ал осы БАҚ қазынаның қаржысынан ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің мүддесін лайықты насихаттап жатыр ма? Өйткені қазір түрлі ютуб-арналар бар. Жеке топтар, әлеуметтік желіде авторлар бар. Сол азаматтардың жазған материалы, бейнематериалы жүздеген мың, миллиондаған көрілім алады. Қоғамдық пікір туғызады. Ал мемлекеттің қаржысын алатын БАҚ материалдары аталғандай үлкен аудиторияға ие ме? Бұл енді бәсекелестік мәселесі. Аталған қаражатты БАҚ беретін кезде механизм қаншалықты ашық әрі әділетті?» – деп сұрады журналист әрі депутат Аралбай.

Бұл сұраққа жауап берген Аида Балаева мемлекет азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуі керектігін айтты.

«Мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік және жеке БАҚ арқылы ұйымдастырылады. Оның басты басымдығы, ол – халқымызға еліміздің барлық экономикасының барлық саласындағы жұмыстар мен саясатын жан-жақты қолжетімді жеткізу. Әр көрерменнің талғамы әртүрлі ғой. Сондықтан біз мемлекеттік тапсырысты жаппай сынау немесе ойын, сатира, қызықты бағдарламаларға кеңінен жұмсай алмаймыз. Өйткені халыққа мемлекеттік саясатты жеткізуге мүдделіміз», – дейді ол.

Айта кетейік, Нартай Аралбайдың өз ютуб-арнасы да бар. Депутаттың арнасында 495 мың адам жазылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
22.11.2024ж. 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →