×

«Теміржолшы болып жұмысқа кіру үшін 2 млн теңге»: Депутат ҚТЖ-дағы жемқорлық жайлы айтты

Депутат компанияға толық тексеру жүргізу керек екенін айтты

«Теміржолшы болып жұмысқа кіру үшін 2 млн теңге»: Депутат ҚТЖ-дағы жемқорлық жайлы айтты
Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай жемқорлық жайлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Мақсат Толықбайдың сөзінше, ҚТЖ мемлекеттің ішінен мемлекет құрып алған. Ол компанияға толық тексеру жүргізу керек екенін айтты.

«Кезінде вагондарды өзіміз шығарып жатырмыз деп сүйіншіледік. ҚТЖ Қытай техникасын сатып алуға қол қойды! Мұны қалай түсінеміз?! Ондай өндіріс біздің Астанада бар ғой. Сол компаниямен келісімшарт жасасып, ұзақ мерзімді сатып алу бағдарламасын әзірлеуге, отандық өндірушілерді қолдауға не кедергі?! Қаншама қосымша сервистік бағытта, өндірісте жұмыс орындары ашылады. Әлде, вагон шығарып жатырмыз деп алдап келе жатырмыз ба? Бұлар бізден көмек сұрап отыр. Ал біз Қытай техникасын сатып алуға қол қойдық», – деді мәжілісмен.

Сондай-ақ депутат аймақтардан тұрғындар ҚТЖ мәселелерін айтып өзіне хаттар жолдайтынын айтты.

«Мысалы, Қызылордада теміржолға қарапайым жұмысшы болып кіру үшін 1-2 млн теңге сұрайды, дистанция бастығы болу үшін 4 млн теңгеден басталады дейді. Қызылордада мекемені өздерінің холдингіне айналдырып алды деп шағымданып жатыр. Бастықтың қарамағында қызмет ететіндер өздерінің туған-туысы, жиені, руластары, ал жүк бөлімінің басшысы болып отырғандардың дипломы жоқ дейді, сол директордың інісі, логистика жөніндегі орынбасары да сол дейді. Мұндай шағым өте көп», – деді депутат.

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ өкілі Әнуар Ахметжанов депутаттың сынына жауап берді.

«Жұмысқа тұрғызу үшін қаражат сұрайды деп жатырсыздар. Біз онымен күресеміз. Қалай олар оны істеп жатыр, ол дұрыс емес, оған біз келіспейміз. Сіздермен бірге жұмыс істеуге дайынбыз», – деді ҚТЖ өкілі.

Сондай-ақ депутат тарифтерден алынған қаражаттың вокзалдарды дамытуға жұмсалуы керек екенін атап өтті. Алайда депутаттың айтуынша, қазір өңірдегі вокзалдардың жағдайы тозып кеткен. Ол қаражаттың тиісті бағытта жұмсалып жатқанына күмәнмен қарайтынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →