×

Смайылов кешірім сұрады

«Өз жауапкершілігімізді сезінеміз»

Смайылов кешірім сұрады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты шахтадағы жарылыстан қаза тапқан марқұмдардың жақындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«АрселорМитталдың» қазіргі жағдайы, кеншілердің қаза табуы, инвесторлардың  талапты орындамауы – біздің де жауапкершілігіміз. Сондықтан қайтыс болған кеншілердің отбасынан кешірім сұраймыз. Сонымен қатар өз жауапкершілігімізді сезінеміз», – деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалып қойды. 

Костенко шахтасындағы апат тәуелсіз Қазақстан тарихындағы адам шығыны ең көп (46 адам қаза тапты) болған өндірістік апат ретінде тіркеліп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →