×

Зорланған үш жасар егіздің анасы өз шешесін өлім жазасына кесуді сұрады

Бақанаста болған сұмдық жағдай

Зорланған үш жасар егіздің анасы өз шешесін өлім жазасына кесуді сұрады
Фото: КТК, "Астарлы ақиқат" бағдарламасы

Зорланған үш жасар егіздің анасы Алтынай Шалтабай өз шешесін өлім жазасына кесуді сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Астарлы ақиқат» бағдарламасына Бақанастан келген зорланған егіздердің анасы Алтынай дәл осындай зорлықтың сіңлісіне де жасалғанын айтты. Қыздардың анасы балаларының тағдырына немқұрайлы қарағаны үшін ата-ана құқығынан айырылған.

«Мен негізі өзімнің екі қызымды Аслан деген жігітпен көңіл қосып, содан босанғанмын. Өгей әкем – Арслан (күдікті). Ол басында маған көңіл білдірген. Кішкене жүріп, сосын мінезі ұнамағаннан кейін одан құтылдым. Артынша ол менің шешеме заңды түрде үйленді. Мен қыздарымды анама қалдырып, мал жақта жүрдім. Кешке ұйықтауға келгенде қызым ыңырсып, мазасызданып ұйықтай алмады», – деді үш жасар егіз қыздардың анасы.

Алтынайдың айтуынша, сол сәтте ол қызы жаялыққа бүлдіріп қойды ма деп ойлаған.

«Сөйтсем, жаялықтың іші толы қан. Бірден түнгі 5-те жедел жәрдем шақырдым. Сол жерде осындай жағдай болғанын білдік. Анамнан сұрасам, «Мен ештеңе білмеймін» деді. Меніңше, ол ештеңе білмейтін деңгейде мас болды. Бұған дейін егіздердің үлкенінде осындай жағдай болған. Ол кезде де білмейміз. Алыс жолға шыққанбыз. Жолда баланың қызуы көтерілді. Жөргегін ашып қарасақ, тоқ ішегі мен алдыңғы жағы бірігіп кеткен жыртылып, қансырап. Оның барлығын айтып полиция шақырайық десек, Арсланның шешесі «бүкіл туыстарыңды, отбасыңды жоқ қыламыз» деп қорқытты», – деді ол.

Ол бұған дейін өзінің сіңлісі де дәл осы адамнан қорлық көргенін атап өтті.

«Енді балаларымды өзімнің қамқорлығыма алғым келеді. Бала-шағам үшін өзгеремін, олар үшін бәрін істеймін. Осының бәріне себепші болған анама өлім жазасын берулерін сұраймын. Бұл Арслан осыған дейін 7 жасар сіңліме де осындай әрекет жасаған. Көсеу басып, қанды тоқтатты деген әңгіменің бәрі рас», – деді Алтынай Шалтабай.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →