×

Мектептерде орыс тілін оқытудан бас тартуға бола ма – министр Ғани Бейсембаев жауап берді

«Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту неге міндеттеледі»

Мектептерде орыс тілін оқытудан бас тартуға бола ма – министр Ғани Бейсембаев жауап берді
Фото: amanatpartiasy.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен брифингте мектептерде оқытылатын орыс тіліне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тілшілер министрге «Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту неге міндеттеледі?» деген сұрақ қойды.

«Қазақ немесе басқа мектептерде дәл қазіргі күні сабақтар бекітілген мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары негізінде жүргізіледі. Яғни оқу процесін мектеп басшылығы қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде ұйымдастырады. Қосымша тілдерді оқыту қашанда болған. Бұл тек ағылшын тілі ғана емес, сонымен бірге француз тілі және басқа да тілдер. Ал егер мектепте нақты бір тіл мұғалімі болса, онда сол тілді оқытып, дамытуға болады. Бұл енді басқа сұрақ», – деді Ғ.Бейсембаев.

Министр оқушылардың таңдауы бойынша факультатив түрінде басқа тілдер оқытылатынын айтты.

«Жалпы факультатив сабақтарда басқа да тілдер үйретіледі. Мектеп және оқушылар қытай немесе француз тілдерін үйренгісі келсе, бірақ тиісті мұғалім болмаса, оқушылардың қалауын жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін маман іздеу керек. Ал жағдай бар жерде мектеп пен оқушылардың таңдауы бойынша факультатив түрінде басқа тілдер оқытылады», – деді ол.

Оқу-ағарту министрі орыс тілі стандартта бекітілгенін атап өтті. Оқушылар орыс тілін стандарт бойынша оқуға тиісті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →