×

Жаңа жылда 3 мыңнан аса құтқарушы кезекшілікке шығады

ҚР ТЖМ бөлімшелері жаңа жылдық мереке күндері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті

Жаңа жылда 3 мыңнан аса құтқарушы кезекшілікке шығады
фото: ашық дереккөзден

ҚР ТЖМ бөлімшелері жаңа жылдық мереке күндері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түнде 3 мыңнан аса құтқарушы кезекшілікке шығады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарының ықтимал төтенше жағдайлар мен оқиғаларға жедел ден қоюға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында мереке және демалыс күндері Қазақстан Республикасы ТЖМ бөлімшелері күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды.

ТЖМ-нің бүкіл құтқару корпусы күшейтілген режимде дайындықта тұр, оның ішінде 3 000-нан астамы жедел ден қоюға әзірлікке келтіріліп, қызмет атқаруда. Бұл өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының өрт сөндірушілері, жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары, ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, құтқару авиациясының ұшу құрамы, сейсмологтар, психологиялық қызметтердің өкілдері, диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілері.

Сонымен қатар, шамамен 1 200 бірлік құтқару техникасы жедел ден қоюға дайындықта тұр.

Барлық бөлімшелерде күштер мен құралдар тексеруден өткізілді.

ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, қажет болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды
Бүгін, 10:33

1257 асикмайнер: Астанада бір ауданның электр тогын заңсыз пайдаланған майнерлер ұсталды

Олардың 900 млн теңгеден астам заңсыз иеленген мүлкі тәркіленген
А гепатитіне қарсы екпе күнтізбелік жоспарға сай екі жасында егіледі
6 айға созылатын көрмеге 28 миллион қонақты қабылдау жоспарланған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →