×

NEGE порталына өткен жұмадан бері хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Сайт қазір баяу ашылып тұр

NEGE порталына өткен жұмадан бері хакерлік шабуыл жасалып  жатыр
7-su.kz

NEGE порталына  бірнеше күннен бері хакерлік шабуыл жасалып жатыр. Qaz365.kz тілшісі сайттың бас редакторы Ерік Рахымға хабарласып, мән-жайды білді. 

Сайт қазір баяу ашылып тұр. Редакция бүгін шабуылды кім жасап жатқанын білетіндерін, алайда нақты дәлел жоғын айтып отыр.  

“Шабуыл өткен жұмадан басталды. Содан бері толассыз шабуылдар жүріп жатыр. Бұған дейін өзіміздің техникалық мамандар жағдайды реттеп алатын. Бұл жолы қиын болып тұр. Әлемнің түкпір-түкпірінен хакерлер маза бермеуде. Мамандардың айтуынша, мұндай белсенді шабуылдың құны тәулігіне 15 мың доллар екенін айтады. Мұның кімнен келген кеп екенін ішіміз сезеді, бірақ қолда нақты дәлел жоқ. Біз жұмысымызды жалғастыра береміз. Портал қайта қалыпқа келгенше әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан көз жазбаңыздар”, – дейді сайттың бас редакторы Ерік Рахым.

Ол осы ретте «АрселорМиттал» тақырыбын тереңдеп жазғанын айтады. Мемлекет 90-жылдары келісімге келген шетелдік компаниялармен келісімді қайта қарау қажет деп санайды. Әсіресе, Еуразиялық топ (ERG) туралы депутаттардан пікір алған. Ол қауіптің осылардың біреуінен келуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →