×

«Заңмен тыйым салған дұрыс»: Балаева никабқа қатысты тағы да мәлімдеме жасады

Елімізде бетті тұмшалағандарды жазалау заң бойынша реттелмеген

«Заңмен тыйым салған дұрыс»: Балаева никабқа қатысты тағы да мәлімдеме жасады
Коллаж: Qaz365.kz

Биыл Президент «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойды. Бұдан былай блогерлер жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады. Қазіргі кезде кейбір желі қолданушылары жазылған постары өшіп кеткенін айтып жүр. Осыған қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлеуметтік желіде біздің министрлік құзіретті орган ретінде мониторинг жүргізеді. Заң бұзушылық фактор анықталса, құқық қорғау органдарына жібереміз. Олар сосын заңға сай немесе сай еместігін анықтайды. Егер заңсыздық болып жатса, іс қозғауға құқықтары бар», - деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, қазіргі кезде әлеуметтік желіде 800-ден астам құқық бұзушылық анықталған. Атап айтқанда, порнография, есірткіні жарнамалау, жалған ақпарат бойынша нақты сандар бар.

Айта кетейік, Тоқаев қол қойған заңда «онлайн-платформа пайдаланушысы» және «инфлюенсер (блогер)» деген ұғымдардың анықтамасы жазылды. Сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Ал бетті тұмшалағандарды жазалау заң бойынша реттелмегенін айтты.

«Бұл мәселені енді қарайтын боламыз. Депутаттар жақында сауал ретінде жолдаған еді. Қазір оны жан-жақты зерделеп жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін айтқанмын. Әрине, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда, ниқабтарға тыйым салған дұрыс», - деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →