×

«Екі көзі бақырайып, қорқып отыр»: Ринат Зайытов тағы бір мәселені көтерді

Мәжілісмен мораторий аяқталуына қатысты алаңдаушылығын білдірді

«Екі көзі бақырайып, қорқып отыр»: Ринат Зайытов тағы бір мәселені көтерді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов 2024 жылы шағын және орта бизнеске арналған мораторий аяқталуына қатысты алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бізге көп өтініш түседі. 2019 жылы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланды. Бірақ бұл мүмкіндікті кәсіпкерлер де дұрыс пайдалана алмай жүр. Біресе кәсіпкерліктің дамуына пандемия, біресе инфляция кедергі келтірді. Енді 2024 жылдан бастап мораторий аяқталады деп отыр. Олар қазір екі көзі бақырайып, бізді қайта тексере бастайды деп қорқып жүр. Тексеру қалай болатынын білесіз. Анау келіп бір пара сұрайды, мынау келіп бір пара ұстайды», – деді Ринат Зайытов.

Ол осы ретте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты қандай іс-әрекеттер жасалып жатқанын сұрады.

«Екіншіден, өзіңіз білесіз, ауылдағы халық мал бағады. Олар малдың етін сатайын десе, дұрыс бағамен сата алмайды. Не тері, не жүн өңдей алмайды. Ет өнімдерін өңдеп сата алмайды. Осы бағытта қандай бағдарлама бар?» – деп сұрады депутат.

Министр жыл соңына дейін тиісті мораторий микро және шағын бизнеске ұзартылғанын айтты. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Үкімет 70 қадағалау саласында тәуекелді басқару жүйесін енгізді. Осындай физикалық тексерулер тиісті автоматтандырылған, жасанды интеллектпен анықталады. Ол адамның қатысуынсыз жүреді деп сендіруге тырысты.

«Сондықтан физикалық тексерулер жайдан-жай белгіленбейді. Заңдар бойынша осындай тексерулер 2 есе қысқартылады, ал субъектілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы бірнеше есе қысқартылады. Әрине, осындай бақылау өз күшінде қалады», – дейді Әлібек Қуантыров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →