×

Сайт сілтемесін желіде бөліскен журналист полицияға шақырылды

Бұған дейін Аягөзде өрттен төрт бала көз жұмған үйден 900 мың теңге ұрланғаны туралы жазғанбыз

Сайт сілтемесін желіде бөліскен журналист полицияға шақырылды
Жеке мұрағаттан

Жақында біздің порталда Аягөзде өрттен төрт бала көз жұмған үйден 900 мың теңге ұрланғаны туралы сұхбат жариялағанбыз. Осы ақпаратты әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөліскен қоғам белсендісі, журналист Дина Елгезекті полиция бөліміне шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Наурызбай аудандық полициясы жауапқа шақырып жатыр. Аягөзде қаза тапқан 4 бүлдіршін туралы «Qaz365.kz» сайты басқан сұхбатты бөліскенмін.
Куәгер ретінде іске қатысасыз дейді. Алматыда тұратын адам Аягөзде болған жағдайға қалай куәгер болмақ? Осылар аяғында полицейлік мемлекет қылып жіберуі мүмкін. Сонда қапыда қаза тапқан балапандардың сұрауы жоқ деп ойлайды ма екен?! Әлде Желтоқсанның алдында қорқытқысы келеді ме мені?
Бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған оқиғаны күллі қазақстандық жазды. Онда бәрімізді соттаңдар!» – деп жазды Дина Елгезек.

Айта кетейік,  Бұған дейін Аягөзде өрттен төрт бала көз жұмған үйден 900 мың теңге ұрланғаны туралы жазғанбыз.
Журналист Нұртай Лахан қайғылы жайт болып жатқан кезде ол үйден 900 мың теңге жоғалғаны жөнінде айтып берді. Әке мен шеше бұл ақшаны екінші баласының көзіне ота жасау үшін жинап отырған екен. Абай облысының полиция департаменті ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын, бірақ жәбірленуші полиция мен өртке қарсы қызмет қызметкерлерінен күдіктенбейтінін түсіндірді, керісінше оларға уақытылы көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді дегендей ақпарат таратты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →