×

Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына қатысты үкім шықты

Ол кінәлі деп танылды

Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына қатысты үкім шықты
Фото: instagram.com/akimat.pavlodar

Павлодар қаласы әкімінің орынбасарына қатысты үкім шықты. Арслан Қалияқбаров 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

10 қарашада Павлодар қаласы №2 сотында экс-шенеунікке қатысты үкім шықты. Алайда айыпталушының өзі денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына қатыса алмаған.

Арслан Қалияқбаров Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі (Аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, биыл маусымда Павлодар әкімінің орынбасары ұсталғаны хабарланған. Антикор мемқызметші кәсіпкерден жол жөндеуге қатысты атқарылған жұмыстарды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қоюы үшін пара алды деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеген.

Кейіннен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл істегі пара сомасын да атаған –  1,8 млн теңге. Шенеунік өзіне қатысты айыптауды арандату деп атаған. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →