×

Экс-министр Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін

Қуандық Бишімбаевтың Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша тергелетіні белгілі болды

Экс-министр Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Полицейлер Астанадағы мейрамханалардың біріндегі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласы полиция департаменті мейрамханадағы адам өлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы бойынша тергелетінін мәлімдеді.

Аталған бапта «Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату – сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген.

Айта кетейік, бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов экс-министрдің ұсталғанын растады.

«Ол ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Қалғанына қатысты түсінік бере алмаймын. Жұмыс барысында сізге қосымша ақпарат беріледі», – деді Сәкен Сәрсенов.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол – Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →