×

Жамбыл облысында қар құрсауынан 500-ден астам көлік шығарылды

Барлығы 400-ге жуық ПД қызметкерлері жұмылдырылды

Жамбыл облысында қар құрсауынан 500-ден астам көлік шығарылды
фото: ашық дереккөзден

Барлығы 400-ге жуық ПД қызметкерлері жұмылдырылды. Облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары қалың қар құрсауынан 500-ден астам автокөлікті шығарды, деп хабарлайды qaz365.kz

Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына және айналаның көрінуінің нашарлануына байланысты Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолдарында 160-шақырымнан  239- шақырымына дейін, сондай-ақ Тараз – Шымкент учаскесінде 534-шақырымнан 593- шақырымына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жолдары жабық.

Полиция қызметкерлері тәулік бойы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды патрульдеуді жүзеге асыруда. Сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстарына қатысып, қалпына келтіру-тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік аумақтарын аралап, тұрғындарға жол сапарына шықпауға, үйде отыруға және көліктерін қауіпсіз жерге қою қажеттігін ескертеді. Полиция қызметкерлері құлаған ағаштарды, қауіпті электр сымдарды, үйлердің құлаған шатырларын жинастырып, қалпына келтіру жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Бүгін, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →