×

«Ет жемеймін, жануар терісінен тігілген киім кимеймін»: Ең жас министр Зүлфия Сүлейменова туралы не білеміз

Серікқали Брекешев қызметінен кетіп, оның орнына 32 жастағы Зүлфия Сүлейменова экология министрі болып тағайындалды

«Ет жемеймін, жануар терісінен тігілген киім кимеймін»: Ең жас министр Зүлфия Сүлейменова туралы не білеміз
фото: ашық дереккөзден

2023 жылдың алғашқы күндері үкіметтегі ауыс-түйістен басталды. Осылайша президент жарлығымен Серікқали Брекешев қызметінен кетіп, оның орнына 32 жастағы Зүлфия Сүлейменова экология министрі болып тағайындалды.

«Ең жас министр» атанған Зүлфия Сүлейменова кім және ол туралы не білеміз?

 

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова 1990 жылдың 25 ақпанында Ақтөбеде дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін аяқтаған екен. Жапония ұлттық саяси зерттеулер институтында оқып, «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағларламасы бойынша PhD дәрежесін алған. Сонымен қатар президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Сүлейменова еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері ретінде бастаған.

Ал 2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарып, 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаты болып сайланды. Бұдан бөлек, «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобының мүшесі, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған. Сүлейменова үш тілді меңгерген: қазақ, орыс және ағылшын.

Ең жас министр бір жыл бұрын «Хабар 24» арнасындағы «Модный словарь» бағдарламасына сұхбат берген. Мұнда ол сәнге қатысты сауалдарға жауап беріп, киім таңдағанда неге назар аударатынын айтты. Сондай-ақ өзін су тұтыну мәселесі де қатты алаңдатынын жеткізді.

«Киім таңдағанда сапалы болуына назар аударамын. Оны 5-10 жыл кисем де, формасын жоғалтпауы керек. Ал жұмыстан тыс уақытта Жапонияда не кисем, Қазақстанда да соны киемін. Мені су тұтыну мәселесі қатты алаңдатады. Себебі бір пиджакты дайындау үшін 12-15 мың литр су жұмсалады.

Табиғи теріден тігілген киімдерді кимеймін. Бұл – менің принципім. Өйткені жануарларға деген гуманистік қарым-қатынас адамдардан басталу керек деп есептеймін. Сондықтан ет жемеймін, теріден тігілген киім кимеймін, жануарларға сыналған косметиканы пайдаланбаймын. Әрі зообақ пен дельфинарийге бармаймын», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Бүгін, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →