×

Мемлекет басшысы ХШФ президенті Аркадий Дворковичті қабылдады

Қазақстанда шахматтың 7 мыңнан астам секциясы жұмыс істеп, 200 мыңнан астам адам айналысады

Мемлекет басшысы ХШФ президенті Аркадий Дворковичті қабылдады
akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадий Дворковичті Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президентімен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz, бұл жайында  Ақорда мәлімдеді.

Президент Аркадий Дворковичті Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті лауазымына жуырда қайта сайлануымен құттықтады.Кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада әлемнің 12 мықты шахматшысының басын қосқан ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

“Қазақстанда шахмат кеңінен танымал, әсіресе, балалар мен жастар арасында.  Бізде 7 мыңнан астам секция жұмыс істейді,  дегенмен бұл көрсеткішті кемінде екі есе арттыруға тиіспіз.  Қазір шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады. Қазақстандық шахматшылар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Біз бұл спортты қолдауға баса мән береміз. Шахматты дамытудың Жол картасы әзірленді. «Мектептегі шахмат» ауқымды жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр”, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Аркадий Дворкович Қазақстанда шахматты жеке қолдағаны және танымал спортқа айналдырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ФИДЕ шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар олар Қазақстан мен ФИДЕ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасып, елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу перспективаларын талқылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →