×

Ақпарат министрі «Meta» компаниясының басқарушы директорымен кездесті

Бұл Джордж Чен мырзаның Қазақстанға алғашқы іссапары 

Ақпарат министрі «Meta» компаниясының басқарушы директорымен кездесті
Дархан Қыдыралі Facebook парақшасынан

Бүгін Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Meta» компаниясының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі басқарушы директоры  Джордж Чен мырзамен арнайы кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz. Бұл туралы Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жариялады.


“Өздеріңізге белгілі, Meta компаниясы Facebook, Instagram, WhatsApp желілелеріне иелік етеді. Әлемге әйгілі компания өкіліне біршама жобаларды бірге ойластырып, өзекті мәселелерді ынтымақтаса отырып шешуді ұсындым. Мәселен қазақ тілі Қазақстанда ғана емес, әлемнің бірнеше елінде кең қолданысқа ие екенін ескеріп, Instagram желісінің қазақ тіліндегі интерфейсін жасау мәселесін айттым. Бұл желідегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын ұлғайтады”, ‒ деп жазды министр.


Сондай-ақ министр “New media” тақырыбы бойынша баспасөз хатшыларын оқыту, балалар контентін жасау, контентті верификациялау, т.б. жайларды бірлесіп атқаруды ұсынған. Әрі жуырда өтетін Astana Media Week және Central Asian Media форумына шақырған.


“Компания өкілі ұсыныстарымды ыстық ықыласпен қабыл алып, қолдау білдіруге дайын екенін айтты. Бұйырса, Қазақстанда жуырда Metaның арнайы серіктес өкілі тағайындалады. Еліміздегі өкіл арқылы да Қазақстан билігі Metaмен тығыз жұмыс істек”, ‒ деп жазды министр парақшасында.

Еске сала кетейік бұл Джордж Чен мырзаның Қазақстанға алғаш іссапармен келіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →