×

«Бұл ұлттық трагедия»: Баян Алагөзова Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты пікір білдірді

Танымал продюсер қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

«Бұл ұлттық трагедия»: Баян Алагөзова Бишімбаевтың әйелінің өліміне қатысты пікір білдірді
Коллаж: Qaz365.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықты айыптайтын жазбалар көбейді. Бұл жолы танымал продюсер Баян Алагөзова да үнсіз қалмады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Елімізде отбасының екеуінде әйелдер зорлық-зомбылыққа ұшырап жатады. Мұны қалыпты жағдай деп санайды, өйткені өздері сондай отбасыда тәрбиеленген. Бұл – модель. Бізде бәрі «ойбай, ұят болады, бұл отбасылық мәселе, араласпаңдар» деп жатады. Бұл жеке мәселе емес, бұл – ұлттық трагедия. Сондықтан мұндай жағдайларды айтуымыз керек», – дейді Баян Алагөзова.

Оқырмандарының бірі одан «Еркектікі әрқашан дұрыс» деген пікірге көзқарасын сұрады.

«90 пайыз еркектерден тұратын Парламентте әйел тарапына ешқандай әділдік болмайды. Біз патриархалдық қоғамда өмір сүріп жатырмыз, онда ер адамның айтқаны әрқашан дұрыс, ал әйелдікі қате», – деді продюсер.

2016 жылдың 10 маусымында Баян Алагөзова да сол кездегі заңды күйеуі Бақытбек Есентаевтан таяқ жеп, пышақ жарақатын алған еді.

Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылғанымен, 6 жыл 1 айдан кейін бостандыққа шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →