×

Болат Назарбаев дүниеден өтті

Бұған дейін Қазақстанның экс-президентінің ағасы Алматыдағы ауруханалардың біріне жатқызылғаны айтылған

Болат Назарбаев дүниеден өтті
Ашық дереккөзден

Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де Болат Назарбаев қайтыс болды», – делінген Орталық клиникалық аурухана хабарламасында.

Отандық БАҚ-тардың жазуынша, ол 13 қарашада сағат 9:51-де 71 жасына қараған шағында көз жұмды.

«Сағат 9:28-де (Болат Назарбаевтың) жүрегі тоқтады. 23 минутта реанимация жүргізілді. Алайда ол тиімсіз болып шықты», – деп жазылған хабарламада.

Ақпаратты экс-Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растады.

«71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды», – деп жазды Айдос Үкібай.

Бұған дейін Қазақстанның экс-Президентінің ағасы Алматыдағы ауруханалардың біріне жатқызылғаны айтылған. Ол миокард инфарктісін алған.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →