×

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі Болат Назарбаевтың өліміне қатысты ақпарат таратты

Ол 71 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі  Болат Назарбаевтың өліміне қатысты ақпарат таратты
Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратты экс-Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растады.

«71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды», – деп жазды Айдос Үкібай.

Тұңғыш президенттің інісінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты Алматының Орталық клиникалық ауруханасы да растады.

«2023 жылғы 13 қарашада сағат 09.51-де Болат Назарбаев ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болды», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →