×

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 2,1 млрд теңге ұрланды

Күдіктілер қамауға алынды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 2,1 млрд теңге ұрланды
dixinews.kz

Алматы облысында аурухананы сенімгерлік басқаруға алған компанияның басшысы мен есепшісі 2,1 млрд теңге ұрлаған. Күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Медициналық мекеме 2020 жылы қазан айында сенімгерлік басқаруға берілген.

2020-2022 жылдар аралығында компания басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды қағаз жүзінде ғана сатып алған. Ал Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам ақшаны өз қалтасына басқан.

ҚМА аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен тергеу жүргізіп жатыр.

Күдіктілерге қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →