×

«Алтын домбыра» айтысында топ жарған Мақсат Ақановқа Қарағандыдан үш бөлмелі пәтердің кілті берілді

Мақсат Ахановқа облыс әкімі үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады

«Алтын домбыра» айтысында топ жарған  Мақсат Ақановқа  Қарағандыдан үш бөлмелі пәтердің кілті берілді

Астанада өткен жылдың қорытынды «Алтын домбыра» айтысында топ жарған Мақсат Ахановты жерлестері ерекше қошеметпен қарсы алып, облыс әкімі үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Айтыскерді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қабылдап, үш бөлмелі пәтердің кілтін берді.

Айта кетейік, Amanat  партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра»  сөз сайысында  еліміздің әр өңірінен 16 ақын қатысып, «Алтын домбыра» мен арнайы жүлде – автокөлікті Мақсат Аханов жеңіп алды.

Бұл сында бірінші орынды қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан иеленсе, екінші орын павлодарлық Аспанбек Шұғатайға бұйырды. Ал үшінші орынды ұлытаулық Төлеген Жаманов пен Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина өзара бөлісті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама
Бүгін, 13:50

Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →