×

«Өтірік біреуді соттап жібереді»: Ринат Зайытов тендердің ақшасы қалай ұрланатынын айтты

Депутат тендердің ақшасы қалай ұрланатынын айтты

«Өтірік біреуді соттап жібереді»: Ринат Зайытов тендердің ақшасы қалай ұрланатынын айтты
Коллаж Qaz365.kz

Бүгін Мәжіліс депутаттарының алдына Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын таныстырған. Оған көңілі толмаған депутат Ринат Зайытов мемлекеттік сатып алу туралы заңды ақша қалай ұрланатынын білмейтін адам жазған деп сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ақша қалай ұрланатынын мен сізге айтып берейін. Бірінші басшы «закупщикке» «мынау өтсін конкурстан» деп тапсырма береді. Содан кейін ол соған сай қылып техникалық талаптар жазады. Басқалар өтіп кетсе де, оларды үйтіп-бүйтіп қағып тастайды. Ақырында ештеңе бітпейді, ақша жымқырылады. Содан кейін бір кінәлі адамды табады да, өтірік соны соттай салады», – дейді Ринат Зайытов.

Ол жаңа заң жобасында жан-жақты жауапкершілікке тарту жоқтығын айтты. Сол себепті мекеменің бірінші басшысынан бастап, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысын да жауапкершілікке тарту керек деп санайды.

«Істелмей жатқан жұмыс сол күйі қалады да, біреуді соттап жібереді. Зардабын халық көреді. Біздің жақта да қаншама ауылдар әлі күнге дейін сусыз отыр. Қайтадан неліктен мемлекет беруі керек? Неліктен ол шығынды қылмыс жасаған адамдар өтемейді? Осыны өтеу жағын қарастырып, қаталдық керек. Заңға бағынған құл болмайды», – дейді депутат.

Сондай-ақ ол бұл заңның тағы бір қулық тұсын атап өтті. Яғни ұлттық өнімді қолдаймыз деп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан растайтын құжат әкелу керек. Мұндай бюрократияны қою қажет деп санайды.

«Шығаратын өніміміз аз. Оны мекемелер де жақсы біледі. Бірақ жанталасып, «Атамекенге» мынаны дәлелдеп беріңдер дейді. Осының не қажеті бар? Неліктен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдардың жұмысына араласа береді? Бұл жағын жеңілдету керек», – дейді Ринат Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →