×

Бишімбаевтың әйелінің өлімі: "Гастро орталық" директоры 2 айға қамауға алынды

Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілінген болатын

Бишімбаевтың әйелінің өлімі: "Гастро орталық" директоры 2 айға қамауға алынды
ашық дереккөзден

Қылмыс болған «Bau» мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Bau" мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталық директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды, – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғамда резонанс тудырған еді.

Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.

ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.

Кейіннен Ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімін тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →