×

"Екі жарым жылдай ауырды": Нұрсұлтан Назарбаев інісін ақтық сапарға шығарып салды

Алматы облысы Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жаназасы оқылды

"Екі жарым жылдай ауырды": Нұрсұлтан Назарбаев інісін ақтық сапарға шығарып салды
коллаж: Qaz365.kz

Алматы облысы Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жаназасы оқылды. Жаназада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Әлихан Смайылов сөз сөйледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Болат отбасымыздағы ең кішісі еді. Осы ауылда туып өстік. Біз оны жақсы көрдік, ол бізді жақсы көрдіЕкі жарым жылдай ауырды, тамақ іше алмады, сөйлей алмады. Бірақ ауылына көптеген жақсылықтар жасады: жолын төседі, медресе, спорт кешенін салды. Мектептерге, тұрғындарға көмектесті. Қателіксіз адам болмайды. Оның өмірде қателескен кездері болса кешіріммен қараңыздар. Құдайдың берген жасы осы екен. Қазір медицинада да адамның өзі өлсе де, жаны өлмейтіні дәлелденген. Қайғымызға ортақтасып, жаназаға келген кісілерге алғысымды айтамын”, – деді бұрынғы президент.

Жаназаға премьер-министр Әлихан Смайылов, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев, Антикордың бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.

Марқұм Үшқоңыр тауындағы бейітке жерленді. Топырақ салуға тек ет жақындарының баруына ғана рұқсат етілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →