×

Шымкентте ішімдікке масайған жүргізуші полицейлерге миллион теңге пара ұсынған

Жүргізуші полицейлерге миллион теңге пара ұсынған

Шымкентте ішімдікке масайған жүргізуші полицейлерге миллион теңге пара ұсынған
Фото: krg.sud.kz

Шымкентте полицейлерге бір миллион теңге пара ұсынған жүргізуші тергеуге алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер түнде қаланы патрульдеу кезінде жол ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Салоннан алкогольдің иісі шығып тұрғандықтан, тәртіп сақшылары жүргізушіден медициналық тексерістен өтуді талап еткен. Ал ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін оларға бір миллион теңге ұсынған.

Полицейлер бірден өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабар беріп, мас жүргізушіні наркологиялық диспансерге жеткізген. Тексеріс кезінде оның көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің екі бабы – 346 (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) және 367 (Пара беру) бойынша тергеу басталды.

Көлікті құжатсыз және мас күйде жүргізгені үшін бес жылға дейін, сол сияқты пара беруге оқталғаны үшін де бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →