×

Қазақстан экономикасы 10 айда 4,9 пайызға өсті

Әлібек Қуантыров өңірлер арасында ең жоғары өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалғанын атап өтті

Қазақстан экономикасы 10 айда 4,9 пайызға өсті
kapital.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасы 4,9% өсім көрсеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап .

«Қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9% болды. Оның ішінде нақты сектор – 3,8%, ал қызмет көрсету саласы – 5,4% өсті. Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,6% болды. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 58%, денсаулық сақтауда – 40%, саудада – 38%, білім беруде – 18%, ауылшаруашылығында – 8,7%, өнеркәсіпте – 8,3% өсті», – деді министр.

Әлібек Қуантыров өңірлер арасында ең жоғары өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалғанын атап өтті.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 2,4% өсіп, 102 млрд долларды құрады. Экспорт 57 миллиардтан астам долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 18 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 44 миллиардтан астам долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 13 млрд долларға тең», – деді Ұлттық экономика министрі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →