×

Әйелдің орны еркектен де жоғары – депутат Берденов

Депутат әйелдердің қоғамдағы орны жайлы айтты

Әйелдің орны еркектен де жоғары – депутат Берденов
Фото: Голос народа

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов әйелдердің қоғамдағы орны жайлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бір фанатиктер бар, «әйелдің орны былай, әйел сөйлемеу керек, бүйтпеу керек дейтін», ондай емес, қазақтың тарихында ешқашан ондай болмаған. Біздің қоғамымызда әйелдің өз орны бар, ол әрқашан болған. Ол бір кемсітіп, шетте тұратындай зат емес. Әйелдің орны еркектен де жоғары көп жерде. Бірақ соңғы кезде әртүрлі құбылыстар болып жатыр, жаман қылып көрсетіп жатыр да қазақтарды осындай, мынандай деп, ондай емес, ондай болмаған да ғой. Заңдық тұрғыда бір заң  шықса, әрине, дұрыс, мен қолдаймын», – деді депутат.

Қазақстандықтар интернетте тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағытталған жаңа челлендж бастады.

Қазақстанда тек 2022 жылдың өзінде әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 61 277 оқиғасы тіркелген..

Айта кетейік, Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Парламент тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заңды одан әрі қатаңдатуға дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген қыздарға үндеу жасап, «Заң күшіне енбейінше, тұрмысқа шықпаңыздар» деген кеңес берді.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы тағы бір ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады. Сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол – Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Кеше, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →