×

Популистер - Ермұрат Бапи Бекболат Тілеуханды теріс ағымның өкілі деп айыптады

Бекболат Тілеухан Парламент Мәжілісінің депутаттарын популист деп айыптаған болатын

Популистер - Ермұрат Бапи Бекболат Тілеуханды теріс ағымның өкілі деп айыптады
коллаж: Qaz365.kz

Экс-депутат, қоғам қайраткері, бүгінде Түркияда тұрып жатқан әнші Бекболат Тілеухан Парламент Мәжілісінің депутаттарын популист деп айыптаған болатын. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи осыған қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бекболат Тілеухан сияқты жігіттер ойына келгенін айта береді. Мен ол популист деген азаматтар елдегі ең өткір, саяси тұрғыда айтылмай жүрген тақырыптарды биліктің алдында, қоғамның алдында ашық айтып жүрген жігіттер деп ойлаймын. Оларды кекету, мұқату тұрғысында Бекболаттың айтқан бықсық сөзіне көңіл бөлуге мұршам жоқ”, – деді депутат.

Журналист одан “популизммен айналысып жатырмын деп ойламайсыз ба?” деп сұрады.

“Популизмнің өлшемін сіздер анықтамасаңыздар, мен өзімнің ұғымымда ел перзенті ретінде қоғамға қажет шаруамен айналысып жатырмын деп есептеймін. Мен ұран салып, атымды, затымды жарнамалау үшін далбасалап жүрген жоқпын. Соңғы көтерген мәселем  қоғамдағы теріс діни ағымдарға байланысты. Оның қай жерінде популизм болуы мүмкін? Әрине, ол Бекболат Тілеуханның шымбайына тиеді. Өйткені ол – теріс ағымның өкілі”, – деп жауап берді Бапи.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →