×

«Енді қайта жақындамаңыз»: Депутат Дәулет Тұрлыханов тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сұраққа жауап беруден бас тартты

Депутатқа тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сұрақ қойылды

«Енді қайта жақындамаңыз»: Депутат Дәулет Тұрлыханов тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сұраққа жауап беруден бас тартты
Фото: olympic.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері депутатқа «жігіттердің қызды ұрып-соғуына ата-анасының мінез-құлқы себеп бола ма» деген сұрақ қойды.

«Сіздерге не керек? Не естігіңіз келіп тұр? Қандай пікірде деп ойлайсыздар? Сіздер бұған қалай қарайсыздар? Енді мұндай сұрақтармен маған қайта жақындамаңыз. Бұл – ойға сыймайтын сұрақ», – деді Дәулет Тұрлыханов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасаған адам депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат екені кейін анықталды. Ол осы әрекеті үшін жазаға тартылып, 1,7 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алтын безгегі: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірген қылмыстық топ анықталды
Кеше, 09:36

Алтын безгегі: Жамбыл облысында заңсыз кен өндірген қылмыстық топ анықталды

Олардың заңға қайшы әрекеттеріненкелтірілген залал 400 миллион теңгеден асқан
Әлемдік тәжірибеде АЭС-тің құрылысы мен іске қосылуы орта есеппен 10–12 жылға созылады
Оның жалған мекемесінен келген залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →