×

Өзбекстан жолымен: Қырғызстанда сақал мен паранжа үшін айыппұл салынбақ

Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды

Өзбекстан жолымен: Қырғызстанда сақал мен паранжа үшін айыппұл салынбақ
Фото: mavink.com

Қырғыз депутаты Шарапатқан Мәжитова елде бетін жауып тұратын киім киюге және көлемді сақал қоюға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Ол қоғамдық орындарда бетін жауып тұратын киім киіп, көлемді сақал қойған азаматтарға заң бойынша айыппұл салу ұсынды.

Заң жобасында мемлекеттік органдардың қоғамдық орындарда жеке басын сәйкестендіруді шектейтін паранжа және көлемді сақал қоюдың алдын алу және жолын кесу қарастырылған. Ал шетелдіктер мен дипломаттарға тыйым салынбайды.

«Ұсыныс жеке басын сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың қоғамдық орындарда киімі мен сыртқы түрін реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістерге қатысты. Айта кету керек, мұндай заңдар адам құқығының негізгі қағидаттарын, соның ішінде жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен жеке бас бостандығын құрметтеуге тиіс», – делінген құжатта.

Заң жобасында азаматтарды діни сеніміне қарай кемсітпейтіні айтылған.

«Ол азаматтардың қоғамдық орындардан тыс жерде діні мен наным-сенімдерін еркін білдіру құқығын шектемейді және ұлттық немесе әртүрлі бас киімдерді киюге тыйым салмайды», – делінген құжатта.

Еске салайық, Өзбекстанда никаб кигендер мен көп әйел алуды насихаттағандарды жазалауға көшкені хабарланған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Кеше, 16:04

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды
Қорғаныс министрлігі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр
Мемлекет басшысы ұлы ақынның мұрасы ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →