×

СҚО-да шенеуніктер бюджеттің 4,3 миллиард теңгесін заңсыз жұмсамақ болған

СҚО-да шенеуніктер бюджеттің 4,3 миллиард теңгесін заңсыз жұмсамақ болған
Gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттік қаражатты жұмсау саласында талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзуды анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы» ҚР Заңдарының талаптарын бұза отырып, сомасы 2,5 млрд теңгеге көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары ҚР Бюджеттік кодексінің талаптарына қарамастан, ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптарын бұза отыра, осы бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген.

Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар бұзылды, жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы әртүрлі жауапкершілікке тартылды, 19 мемлекеттік сатып алу бұзылды, ақырында сомасы 4,3 млрд теңге бюджет сомасын жұмсаудың алды алынды.

Бюджеттік қаражатты жұмсау сұрағы қадағалау органының бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →