×

20 миллионыншы қазақстандықтың есімі белгілі болды

20 миллионыншы қазақстандық

20 миллионыншы қазақстандықтың есімі белгілі болды
Фото: pixabay

2023 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті. Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы Жетісай ауданында дүниеге келген 20 миллионыншы Әлімханның ата-анасы Ерғали Шәкенов пен Гүлмира Ізтілеуова «Ашық алаң» бағдарламасында тікелей байланысқа шықты.

«Есімі – Әлімхан. Баланың да, ананың да дені сау. Бәрі жақсы. 20 миллионыншы екенін білген жоқпын. Естіген соң, қуандық. Әкімдік өкілдері келіп, 2 миллион теңгенің сертификатын беріп кетті. Бұл біздің үйдегі төртінші бала», – дейді әкесі Ерғали Шәкенов.

Ал Ұлытау облысында дүниеге келген баланың есімі – Томирис. Әкесі Сұңғат Сейітжан да қатты қуанғандарын айтты. Ол бүгін баланы перзентханадан шығарып алып жатыр екен.

Айта кетейік, «Отбасы» банкі 20 миллионыншы болып дүниеге келген 5 балаға 2 млн теңгеден береді. «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша,  бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →