×

Әли Оқапов анасының көлеңкесінен шыға алмай жүр – Құралай Нұрқаділова

Құралай Нұрқаділова Әли Оқапов жайлы пікір білдірді

Әли Оқапов анасының көлеңкесінен шыға алмай жүр – Құралай Нұрқаділова
ашық дереккөздерден

Белгілі дизайнер, марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова танымал адамның баласы болу қиын екенін айтты. Осы ретте ол Әли Оқаповты анасының көлеңкесінен шыға алмай жүр деген пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлиге мамасының көлеңкесінен шығу өте қиын. Мен оны түсінемін. Психолог әрі танымал адамның қызы ретінде мұны жақсы білемін. Маған әкемнің көлеңкесінен шығу оңай болды. Өйткені ереже бар. Бәлкім, Әлиге мінез жетіспейді. Өйткені ол жұмсақ. Егер мінез көрсетсе, халыққа ұнамауы мүмкін. Өте қиын нәрсе», – дейді Құралай Нұрқаділова «Білген дұрыс» хабарында.

Пікір жазушылардың бұл тұрғыда көзқарастары саналуан. Дегенмен, Әлидің тәрбиесі дұрыс екенін айтқан.

«Әли тәрбиелі, мәдениетті бала. Анасы үнемі қасында болсын. Одан не жамандық көрді?», «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Анасының көлеңкесінде емес, Әли анасын ешқашан тастамайды. Өте тамаша бала», «Мынау енді Әлиге көшті ма?», «Анасы оларды жалғыз өзі асырап өсірген, анасын қатты сыйлайды», «Әли тәрбиелі, ақылды», «Қандай көлеңке? Әлиде сахнада жарып шығатын талант та, харизма да жоқ» деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →