×

Алматы соты «Азаттық радиосына» жалған ақпарат таратты деп айыппұл салды

Сот «Азаттық радиосына» айыппұл салды

Алматы соты «Азаттық радиосына» жалған ақпарат таратты деп айыппұл салды
Фото: akm.sud.kz

Алматы соты Әкімшілік кодекстің жаңа бабы, яғни 456-2 бабының 1-тармағы («Жалған ақпарат орналастыру, тарату») бойынша Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақ қызметіне 103 500 теңге (шамамен 220 доллар) айыппұл салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Азаттық радиосына» сілтеме жасап.

«Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақ қызметі» Әкімшілік кодекстің 456-2 бабының 1-тармағы («Жалған ақпарат орналастыру, тарату») бойынша әкімшілік жауапқа тартылсын және 103 500 теңгеге тең 30 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қолданылсын», – деді судья шешімді жариялағанда.

Әкімшілік іс Шымкент тұрғыны Әлішер Турабаевтың шағымынан басталды. Ол Атбасар колониясында азапталған Тимур Дәнебаевты Көкшетау қаласындағы изоляторға ауыстырғаны туралы орыс тіліндегі жаңалықта Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) қатысты «Ресей жетекшілік ететін» деген тіркесті пайдалану дұрыс емес деп санады.

Соттан кейін Азаттықтың Алматы бюросының жетекшісі Қасым Аманжол судья лингвистикалық зерттеу өткізу туралы өтінішті қарастырмағанын айтады.

«Судья Әлиева бар болғаны үш қана отырыс өткізді. Біздің адвокатпен бірге өткізген өтінішіміз қараусыз қалды. Біз лингвистикалық зерттеу өткізуді өтіндік және азаматтық құқық бұзушылық жоқ екендігін көрсетуді сұрап, өтініш өткіздік. Олардың бірде-біреуі қарастырылған жоқ. Және бұл жерде «жалған ақпарат тарату» айыбы тағылуы негізсіз деп ойлаймыз. Мұны анықтау керек, сараптау керек, зерттеу керек», – деді Қасым Аманжол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →